Алматы облысының Қора шатқалында орман өртеніп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт тікұшақпен сөндіріліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының Қора шатқалында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Қызыл жалын таулы аймақта тұтанған. Қою көк түтін жағдайды одан сайын күрделендіре түсті. Орманды алқаптағы қызыл жалынды сөндіру үшін жергілікті атқарушы органдар мен облыстық ТЖД қызметкерлерінен жасақталған штаб құрылды. Оқиға орнында жүзге жуық адам жұмыс істеп жатыр. 10 арнайы техника тартылған. Әуеден барлау кезінде шамамен 20 га жердің отқа оранғаны белгілі болды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, елді-мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Ең жақыны Текелі қаласы 17 шақырым қашықтықта орналасқан.