Оралда ойын алаңында ойнап жүрген бала комаға түсіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 25 қыркүйек күні болған

Фото: ашық дереккөзден

Оралда ойын алаңында ойнап жүріп құлап қалған жеткіншек жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy inbusiness.kz порталына

«Бала қалалық көпбейінді ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Комада. Жағдайы өте ауыр», - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға 25 қыркүйекте болған.

Хабарламада 9 жасар бала У. Громова көшесіндегі аулалардың бірінде ойын алаңында құлап, жаттығу арканына шырмалып қалғаны жазылады. Ол ауруханаға «тұншығу» диагнозымен жеткізілген. 

«Ойын алаңдарындағы балалар жарақатының негізгі себебі – ата-аналардың жіті қадағаламауы», – деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасы.

Бүгін, 26 қыркүйек күні облыстық Денсаулық басқармасының өкілдері баланың есін жинаған, дегенмен жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отырғанын мәлімдеді.