Ақсуда есірткі сатпақ болған әйел ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұсталған әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды

 

Фото: ашық дереккөзден

Ақсуда есірткі сатпақ болған әйел ұсталды. Бұл туралы облыстық Плиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Павлодар облысының полицейлері есірткінің «бетбелгісімен» ақша табуды көздеген Ақсу қаласының тұрғынын ұстады. Тексеру барысында 41 жастағы әйелден синтетикалық есірткі заты бар 9 түйір табылып, тәркіленді. Есірткінің салмағы шамамен бір грамм болды. Күдікті есірткі салынған түйіншектерді алып өтпек болған», - деді департаментте.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат Ақсу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаменті бүгінде интернет технологияларды - сайттар мен әлеуметтік желілерді: Инстаграм, Телеграмм, Фейсбук, сондай-ақ электрондық төлем жүйелерін (Киви - әмиян, Яндекс-ақша және т.б.) пайдалану арқылы есірткі сату ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылғанын ескертеді. Есірткіні электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып өткізу 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 37 қылмыс тіркелген, оның ішінде 25-і есірткі заттарын өткізу фактілері анықталды. Заңсыз айналымнан 94 кг астам есірткі, оның ішінде 86 кг марихуана, 6 кг гашиш және 1 кг астам синтетикалық есірткі тәркіленді.