Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді
Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты бөлігінде Chevrolet Cobalt жеңіл автокөлігі техникалық жүк көлігіне соғылып, салдарынан бір адам қайтыс болды.
Оқиға 24 қыркүйекте тас жолдың 430-шақырымында болған. Соққының қатты болуынан жүк тиегіш жол бойына құлаған. Ал, жеңіл көліктің салонында болған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.