Күдікті - қырық жастағы ер адам, бұрын сотталмаған
Батыс Қазақстан облысының полицейлері Чапаев-Жалпақтал-Қазталовка тасжолы бойында тұрған патрульдік автокөлік макетін жергілікті тұрғындардың бірі ұрлап кеткенін анықтады.
«23 қыркүйекте макеттің жолғалып кеткені анықталды. Жедел іздестіру барысында макетті ұрлаған күдікті ұсталды. Ол қырық жастағы ер адам. Бұрын сотталмаған. Қазір не себепті ұрлағанын тергеушілер анықтап жатыр», - деді БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілі.
Енді осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша тергеу басталды. Полиция көліктерінің макеті Қазақстан жолдарында 2019 жылы жол қауіпсіздігі мен көлік жүргізушілері жылдамдықты асырмауы үшін орнатылған.