ШҚО-да интимдік қызмет көрсеткен 3 притон анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жеңгетайлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Шығыс Қазақстанда «Стоп-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер 3 притонды анықтады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Осы жылдың 19-24 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Стоп-Трафик» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның шеңберінде полицейлер еңбек және сексуалдық қанау фактілерін анықтау мүмкіндігі жоғары қонақ үйлер мен ойын-сауық мекемелерін, монша кешендерін және басқа да әртүрлі нысандарды тексерді.

Жеңгетайлықтың үш фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 309–бабы – жеңгетайлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған тұлғаларға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсететін әйелдердің өздері арнайы есепке алынды.