Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Түркістан облысының полицейлері қабанды заңсыз атып алған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, оның ішінде браконьерлік, табиғи ресурстарды заңсыз аулау және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында Отырар ауданының ПБ қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік жұмыстарды жүргізіп тұрады. Осындай шара барысында тәртіп сақшылары күндізгі сағат 10:15 шамасында Отырар ауданы Көксарай ауылына қарасты қорғалатын аумақтан бір дана қабан жануарын заңсыз атып алған ер азаматты анықтады.
Аталған дерек ҚК 337-бабы, яғни (Заңсыз аңшылық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. Күдікті азаматтан айғақты зат ретінде аңшы мылтығы мен қабан ұшасы (еті) алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға Табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға жол бермеуді және табиғи ресурстарды заңсыз өндіру жағдайында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ескертеді. Егер де, сіз, осындай жайттың құрбаны немесе куәсі болсаңыз бірден “102” нөміріне хабарласыңыз.