23.09.2021, 15:36
Оқиғалар
Оралда 28 жастағы әйел бір айлық сәбиін сатып жіберген
Полицейлер көкен ананы ұстады
Фото: ашық дереккөзден
Оралда 28 жастағы әйел өзінің сәбиін сатып жіберген. Ол ауылдық жерде тұратын ерлі-зайыптылармен өзара уағдаласқан көрінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.
Нәрестенің туғанына бір ай болған. Қылмыс туралы полиция қызметіне әлдекімнен хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары жедел әрекет ету нәтижесінде келіншекті ұстады. Қазір мән-жай анықталып жатыр. Полиция департаменті тергеу мүддесіне сәйкес өзге мәліметтерді беруден бас тартты.
«Қазіргі таңда ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі тұлға 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Диляра Сатарова.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды