Елордада бұзақылық жасағаны үшін ұсталған ер адам полиция ғимаратынан қашпақ болды

Автор: Azattyq Rýhy

32 жастағы ер адам бұзақылық жасағаны үшін ұсталған

скриншот: видео

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны полиция ғимаратынан екінші қабаттағы терезе арқылы қашпақ болған.

Видео кадрларынан ер адамның Есіл ауданының елордалық полиция бөлімі ғимараты түспек болған сәтін көруге болады. Салбырап тұрған ер адамның қолынан форма киген қызметкер ұстап тұр.

Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің баспасөз қызметі бұл оқиғаның 22 қыркүйекте болғанын мәлім етті. 32 жастағы ер адам бұзақылық жасағаны үшін ұсталған. Ол полиция ғимаратынан терезе арқылы шығып кетуге тырысқан.