Алдын ала мәлімет бойынша, адам шығыны бар
Пермь қаласындағы ұлттық зерттеу университетінде атыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушылар мен мұғалімдердің кейбірі ғимараттан шығып үлгерген, ал басқалары кабинеттерде жасырынған.
59.RU басылымы мәліметінше, оқу орнының баспасөз қызметі атыс болғаны туралы ақпаратты растаған.
Риа Новости ақпараттық агенттінің мәліметіне сүйенсек, атыс салдарынан сегіз адам қаза тапқан және бірнеше адам зардап шеккен. Сондай-ақ оқ атқан адам да ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатқаны жазылған.
Университетте болған атысты Тимур Бекмансуров есімді Перм қаласының тұрғыны өз мойнына алған.