Өрт салдарынан ешкім жәбірленген жоқ
20 қыркүйек сағат 10:00-де кезекші байланыс пультіне Алматы облысы Қарасай ауданының Көксай ауылында, Наурызбай батыр көшесі №92 «а» мекен-жайында «Әмір» шаруа қожалығының аумағында қойма үй-жайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Өртке қарсы бөлімше қызметкерлері оқиға орнына жетіп, қойма үй-жайында шамамен 250 шаршы метр алаңда құрылыс материалдары мен шиналар жанып жатқаны анықтады.
Қаскелең қаласының өрт сөндіру бөлімі мен өрт шыққан орынның арасы 18 шақырымды құрайды. Автожолдардың автомобильдердің көптігімен және автомобиль кептелісінің пайда болуымен байланысты оқиға орнына сағат 10:33-те келді.
Өрт сағат 10:50-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеген. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД және Алматы қаласы ТЖД 26 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.