Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр
Екібастұзда өрт болған пәтерден ес-түссіз жатқан ер адам табылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қыркүйекте 05 сағат 11 минутта №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктінің пультіне Екібастұз қаласы Бауыржан Момышұлы көшесі, 54 мекенжайында орналасқан пәтердің жанғаны туралы хабарлама түскен.
«Шақыру орнына № 4 МӨСБ-2 кезекші ауысым жіберілді. Барлау барысында жанып жатқан пәтерді қалың қара түтін басқаны анықталды. Есікті ашқаннан кейін азаматтық қорғау капитаны Бексұлтан Талғатов бастаған газ-түтіннің қорғау қызметінің буыны пәтерге кіріп, жатын бөлмесінен 1957 жылы туған ер адамды ес-түссіз күйде тапты. Талғат Бексұлтан мен Сәлімов Әділет ер адамды дереу таза ауаға шығарып, "103" қызметіне тапсырды», - дейді 2-МӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Сағадат Вахитов.
№ 4 кезекші ауысымның ГТҚҚ буынының үйлесімді іс-қимылы мен нақты қойылған міндеттің арқасында өрттен зардап шеккендер болмады.