Өрттен зардап шеккендер жоқ
17 қыркүйек күні сағат 15:09 кезінде Медеу ауданы, Н. Назарбаев даңғылында орналасқан 4 қабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жеткен. Анықталғандай, 4 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқан.
«Тұрғындар дереу эвакуацияланып, өрт оқпандары енгізілді, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, автоматты көп иінді өрт сөндіру көтергіш жұмылдырылды. Жағдай бақылауға алынды»,- деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.