Оқиға Әлмерек ауылында болған
Бүгін таңғы сағат жеті жарым шамасында Алматы іргесінде Bek Air әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлады. Ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған, оның бортында 100 адам болған.
Әзірге 14 адамның қайтыс болғаны белгілі. Ондаған адам жарақат алған. Олардың қатарында кішкентай 8 бала да бар. 17 адамның жағдайы аса ауыр.