Алматыдағы ұшақ апаты: куәгерлер түсірген видео тарады

Автор: Azattyq Rýhy

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, қаза тапқандар саны 9 адамға жетті 

Алматыдан Нұр-Сұлтан бағытында жолға шыққан Bek Air ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Бүгін таңғы сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуекомпаниясының №Z2100 рейсі, Fokker-100 ұшағы ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетон қоршауды сындырған. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны 9 адамды құрайды», - делінген ТЖК таратқан хабарламада. 

ҚР Премьер-Министрі Үкімет комиссиясын басқарды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып барады. Оқиғаның себептері анықталады.

Оқиғаның мән-жайы анықталғанға дейін осы үлгідегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.