Қылмыстың себептері әлі анықталған жоқ, күдікті де әлі ұсталмаған
Воронеж облысына қарасты Лиски қаласының полиция бөліміне қолында қаруы бар әскери киімдегі белгісіз адам шабуыл жасап, ғимараттың кіреберісіне қолдан жасалған бомбаны лақтырған. Оқиға салдарынан бір полиция қызметкері жараланған.
Vesti.ru сайтының хабарлауынша, шабуыл жасаған белгісіз адам көлігіне мініп, оқиға орнынан ізін суытқан.
Қылмыстың себептері әлі анықталған жоқ, күдікті де әлі ұсталмаған.
Оған қоса, полиция бөліміне шабуыл жасаған күдіктінің тағы үш кісінің өліміне қатысы болуы мүмкін екендігі айтылды. Полиция бөліміне жасалған шабуылдан кейін 40 минут өткенде Октябрьский көшесіндегі үйлердің бірінде атылған оқтың дауысы естілген. Ол жерде үш адамның қайтыс болғаны хабарланды.