Тірі қалғандар бар
Алматыдан Нұр-Сұлтан бағытында жолға шыққан Bek Air ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Bek Air әуекомпаниясының ұшағы Қызыл ту ауылы аумағында құлады. Тірі қалғандар бар. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.
Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, ұшақ таңғы сағат 7-ден 5 минут кеткенде әуеге көтерілген. Артынан радардан жоғалғаны белгілі болды. Ұшақта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.