Оқиға орнынан 50 адам эвакуацияланды
Ақмола облысының Щучье қаласында қонақүй өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 желтоқсанда түнгі сағат 22:50-де Щучье қаласының Абылай хан көшесі 43 мекенжайы бойынша орналасқан 6 қабатты қонақүйден өрт шықты.
«Өрт төртінші қабаттағы нөмірлердің бірінен шықты. 15 шаршы метр аумақты шарпыған жалын, сағат 23:13-те сөндірілді. Оқиға орнынан 1970 жылғы ер адамның күйген денесі табылды, сондай-ақ тағы бір адам құтқарылып, 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды», - дейді ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.