Екі адам оқиға орнында көз жұмды
Таразда қаласында аялдамада тұрған бір топ жолаушыны жүйткіп келген жеңіл көлік таптап өтті. Салдарынан оқиға орнында екі әйел адам қайтыс болып, тағы бірнеше адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Оқиға бүгін тағы сағат 06:50 шамасын болған. Тараз қаласындағы «Мыңбұлақ» (9) мөлтек ауданындағы аядаламада тұрған адамдарды қарсы бағытқа шыққан көлік иесі таптап өте шыққан. Тіпті, бірнеше жолаушыны ондаған метр жерге дейін сүйреп әкеткен көлік тізгініндегі жігіт сол күйі тоқтамастан оқиға орнынан ізін суытқан.
«Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасына 15 қыркүйек күні сағат 06:55-түскен. Жалпы зардап шеккен азаматтар саны - 4, оның ішінде 1 азаматша қалалық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған, қажетті ем жүргізілуде. 1 азаматшаға тиісті деңгейде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тіркелген емханада амбулаторлық емді қабылдау ұсынылған. Қалған екі азамат 40-45 және 60-65 жас жас шамасындағы екі әйел азаматтары жедел жәрдем бригадасы жеткенше қайтыс болған және учаскелік инспекторға, оқиға орнында қалдырылған. Оқиға орында 2 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Науқастар қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген», - деді Жамбыл олбыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкері 23 жастағы көлік жүргізушісін ұстап, оның Тараз қаласының тұрғыны екенін анықталды.
Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды.