Ол оқиға орнында көз жұмды
Шымкент қаласында екі жасар қыз бала сегізінші қабаттан құлап, көз жұмды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Департаменттің хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 қыркүйекте сағат 20:40 шамасында «Нұрсәт» шағынауданында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ата-анасы қараусыз қалдырған екі жастағы сәби терезеден құлаған. Бала оқиға орнында көз жұмды.
Жыл басынан бері Шымкент қаласы аумағында балалардың терезеден құлауына қатысты осымен алтыншы оқиға тіркелді. Үш жағдайда балалар қайтыс болып, қалған үшеуінде жарақат алған.
Құтқарушылар ата-аналарды барынша сақ болуға шақырып, балаларын ашық тұрған терезенің қасында қалдырмауын сұрайды.