Шоқысу стансасында жолаушылар пойызының вагондары зақымданды

Автор: Azattyq Rýhy

Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ

9 қыркүйекте Ақтөбе бөлімшесінің Шоқысу стансасында жүк пойызының 26-шы вагонына тиелген кран жебесінің конструкциясы қозғалып кетіп, көрші жолдағы жолаушылар пойызының локомитиві мен вагондарын сырып өткен.

Атап айтқанда №77 Алматы-2 – Маңғыстау жолаушылар пойызы локомотивінің шанағы сырылып, буферлік шамы бүлінсе, 13 вагонға түрлі зиян келтірілді. Соның ішінде 2 вагонда терезелер сынған, 2 вагонда тұтқалар жұлынған.

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар пойызы 17 минуттық кідірістен соң қайта жолға шықты. Осы жағдай бойынша тергеу жүргізілуде.