Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандар бұл үйге шамамен 2 ай бұрын көшіп келген
Ақмола облысында үй өртеніп, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше кешке сағат 21:40-та Бурабай ауданындағы Қарашілік ауылында жалпы ауданы 60 шаршы метр болатын үй өртенді. Өрт кезінде 1969 жылы туған ер адам және 1981 жылғы әйел қаза тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, өрт болған жерде зерттеу өрт зертханасы жұмыс істейді. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандар бұл үйге шамамен 2 ай бұрын көшіп келіп, жергілікті құс фабрикасында жұмыс істеген.
Өртті сөндіруге ТЖД 13 адам және 3 бірлік техника, Бурабай ауданының ТЖБ 8 адам және 3 бірлік техника шықты.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті электр сымдары мен жылыту пештерін жарамды күйде ұстау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс пайдалану және төсекте темекі шегуге болмайды.