Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді
Павлодар - Нұр-Сұлтан автожолында көлік апатынан жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қыркүйек күні сағат 01:10-да Павлодар - Нұр-Сұлтан автожолының 215 шақырымында "Тойота Камри 55" және "КамАЗ" автокөліктері соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Тойота" автокөлігінің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Екінші жолаушы ауруханаға жеткізілді», - делінген ПД хабарламасында.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1990 жылы туған зардап шегушіге жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы диагнозы қойылған.