$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.09.2021, 16:31
Оқиғалар

Балқашта педофилді азаптаған полицейлер сотталды

Төрт полицейге 9 және 10 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды 

Балқашта педофилді азаптаған полицейлер сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Балқаш қалалық соты Балқаш полиция бөлімінің қызметкерлері Махметов, Игенов, Қуанышбеков және Исабековке қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төрт полицейге күдіктінің денсаулығына ауыр зиян келтірді деген айып тағылды (ҚК 146-б.3-б.).

Тергеу материалдары бойынша 2019 жылғы 30 қазанда полиция бөлімінің ғимаратында болған төрт полицей айыпталушыдан оның қылмыс жасағанын мойындату мақсатында ерекше қатыгездікпен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні газтұтқыш пен таяқшаны пайдалана отырып, азаптағаны және тұншықтырғаны белгілі болды.

Нәтижесінде жәбірленушіге мұрынның, қабырғаның және білектің сынуы, сигма тәрізді ішектің жарылуы және көптеген гематомалар түрінде дене жарақаттары салынған. Жәбірленушіге шұғыл операция жасалды.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен және басқа да дәлелдемелермен расталды.

«Сот М.Т. Махметов пен М. С. Игеновты 10 жылға дейін, ал А. М. Қуанышбеков пен Д. А. Исабековті қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырып, 9 жылға бас бостандығынан айырды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сот сотталушыларды арнайы атақтарынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары