Қарағандыда мас жүргізуші алты көлікті соғып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті

Қарағандыда Mercedes автомобилінің жүргізушісі тұрақта тұрған алты көлікті қиратты, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Алдын ала мәлімет бойынша, 26 жастағы жүргізуші мас болған. 

Оқиға 26 желтоқсан күні сағат 02:30 шамасында Құрылысшылар даңғылының бойында 23/7 үйдің тұрағында болған. «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі Шахтерлер даңғылымен Язев көшесі жағынан Республика даңғылына қарай жүріп бара жатып қоршауды соғып өтіп, тұрақтағы түрлі маркалы 6 автокөлікті соққан.

«Осы дерекке қатысты тергеу басталды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындалды»,  - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.