Алматыдан ұшқан ұшақтың қозғалтқышы істен шығып, кері қайтуға мәжбүр болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бортта жеті адам болған

Kapital.kz

Алматы әуежайынан ұшқан ұшақтың қозғалтқышынан ақау шығып, ол кері қайтуға мәжбүр болды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл ақпарат алғаш болып Kozachkov offside телеграм-каналында жарияланған болатын. Артынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақпаратты растады.

«Eastwing» авиакомпаниясының Як-40 типті EWZ1149 санитарлық рейсі Алматы – Семей бағытында ұшып көтерілгеннен кейін сол қозғалтқыштың істен шығуы салдарынан қайта оралып, қонуға мәжбүр болды. Қону 11:17-де қауіпсіз іске асты», - деп хабарлады министрлік.

Бортта бес экипаж мүшесі және екі дәрігер болғандығы айтылады.

2017 жылдың қазан айында Алматы маңында құлаған АН-28 ұшағы да осы әуе компаниясына тиесілі. Ол кездегі апаттан 5 адам қаза тапқан.