Түркістан облысында жоғалып кеткен 3 жасар бала базар маңынан табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Анасы балаларын базарға киіндіру үшін апарғанын айтады

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының орталығында жоғалып кеткен 3 жасар баланы полицейлер тауып, ата-анасына қайтарды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлерге баланың анасы арызданып келген. Ол баласымен бірге базар аралап жүргенде одан көз жазып қалғанын айтыпты. Тәртіп сақшылары небәрі 3 сағаттың ішінде жоғалған баланы тапты. Ол базар маңындағы саябақта ойнап жүрген.

Жас келіншек баланы бір сағат бойы өзі іздепті. Базардан табылмаған соң дереу полицияға хабар берген. Полицейлер оған ескерту берумен шектелді. Қылмыстық кодекске сәйкес, балаға дұрыс қарамаған ата-ана жауапқа тартылады.