Павлодарда коронавирус жұқтырған бала жансақтау бөліміне түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде бүлдіршін өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда бір жасар бала коронавирустан кейін жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық аурухананың инфекциялық стационар директорының орынбасары Зере Садақованың айтуынша, мұндай асқынулар сирек кездеседі.

Бас кезінде бүлдіршінде аралас коронавирустық пневмония анықталған. Өкпесінің 36 проценті қабынып кеткен.

«Ол кезде динамикасы жақсы болды. Бірақ екі күннен кейін коронавирус кезінде сирек кездесетін пневмомедиастинумның (көкірек тұсында ауаның жиналуы) салдарынан жағдайы күрт нашарлап кетті», - дейді Садақова.

Қазіргі кезде бүлдіршінді өкпені жасанды желдету аппаратына қосып қойған. Бірақ жағдайы өте ауыр.

Инфекциялық ауруханада 15 жастағы бала да бар. Негізгі ауруы – нефроздық синдром. Бас кезінде астанада емделген. Бірақ ол жатқан бөлімде бір науқастан коронавирус табылғандықтан, карантин жарияланды.

Тамыздың басында ол Павлодардағы инфекциялық балалар ауруханасына түсті. ПТР-тест оң нәтиже көрсетті. Содан бірден стационарға жатқызылған.

«Қазіргі кезде жасөспірімнің жағдайы жақсарды. Оны негізгі бөлімге ауыстырайын деп жатыр», - дейді Садақова.

Ресми мәліметке сәйкес, Павлодар облысында 144 баладан коронавирус анықталды. 56 бала ауруханада емделіп жатыр. Қалғаны үйде ем-дом қабылдап жүр.

Павлодар облысы «қызыл» аймаққа кіреді. Соңғы бір тәуліктің ішінде 265 адам індет жұқтырған.