02.09.2021, 12:02
Оқиғалар
Солнечный кентінде бір жасар сәби үшінші қабаттан құлап кетті
Қазір бала ауруханада жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінде қонақта болған сәби үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 қыркүйек күні сағат 16.45-те Екібастұз қаласының ауруханасына бала жарақатпен жатқызылған.
«Полиция 2020 жылы туған баланың әкесімен бірге Солнечный ауылында болғанын анықтады. Әкесі ұялы телефонына қарап отырған кезде ұлын көзден таса қылып алған. Бала балконға шығып, терезеден құлап кеткен», - деп департаментте.
Айта кетерлігі, осы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында балалар терезелерден немесе балкондардан құлап кеткен 10 жазатайым оқиға тіркелген. Өкінішке орай, 2 бала қайтыс болған.
Көп оқылған
27.07.2026, 14:47
Әзербайжанда 16 жастағы бойжеткен 12 жастағы сіңлісін пышақтап өтірді
27.07.2026, 11:55
«Төрт ай төсекке таңылып жаттым»: Алла Пугачева ауыр жарақаты туралы алғаш рет ашық айтты
27.07.2026, 13:12
Емханаларда жаңа тәртіп: кейбір дәрігерлерге жолдамасыз қаралуға болады
27.07.2026, 16:06
36 дропперлік топ 113 млрд теңгені өткізген: ҚМА басшысы Тоқаевқа сұмдық жағдайлар туралы есеп берді