Материалдық шығын 2,6 млн теңгені құрады
Алтай қаласындағы серіктестіктерінің бірінің қызметшісі құрамында алтын бар кенді ұрламақ болған, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алтай қ. ПБ «102» жедел арнасына ЖШС-нің бірінің қауіпсіздік қызметінің бастығынан хабарлама келіп түсті, ол байыту фабрикасының бас корпусында ұнтақтау учаскесіндегі өнеркәсіптік алаңнан құрамында алтын бар өнімді ұрлауға тырысқан қызметкер ұсталғанын хабарлады.
«Жауап алу барысында 28 жастағы жөндеуші-слесарь ЖШС ғимаратынан құрамында алтыны бар өнімнен бар брикет дайындап қойып, ол өнімді шығаруды жоспарлаған. Брикеттің жалпы салмағы 42 кг 320 гр. Материалдық шығын 2 631 058 млн.теңгені құрады», – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.