Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апаты Шідерті кенті маңында болған

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«29 тамыз күні сағат 22.30-да Павлодар - Қызылорда автожолында "Мерседес Бенц" автокөлігінің 55 жастағы  жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, жолдың жүру бөлігінің шетінде тұрған "XCMG NCL" автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "XCMG NCL" автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан көз жұмды. Сол көліктегі жолаушысы жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Автокөліктер айып тұрағына қойылды. ЖКО фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жол апатының орын алуына себеп болған жағдайлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталады.