Тергеу-жедел тобы айғақтарды сараптамаға жіберді
Алматылық тұрғын көпқабатты үйдің жертөлесінде марихуананы өсірген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл сусынды 45 жастағы ер адам Достық көшесіндегі тұрғын үйдің жертөлесіндегі уақытша зертханада өсіргені анықталды.
«Т. есімді ер адам қоқыстардың арасында фольгамен және ультракүлгін сәулемен жабдықталған бұрышты таңдап, сол жерге марихуана ыдысын қойған. Күдіктінің айтуынша, ол бұрын да сондай тәжірибе жасаған екен. Егер сәтті болса, қылмыстық бизнесін ары қарай жандандыруды жоспарлаған. Бірақ жоспары орындалмады, оның заңсыз әрекеттері тоқтатылды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу-жедел тобы заттай айғақтарды тәркіледі және сараптамаға жіберді», - дейді Медеу аудандық ПБ бастығының орынбасары Елнұр Құдратбаев.
Күдіктінің бұрын да мүліктік және есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.