Талдықорғанда оқушы қыздар ауладағы орындықты қасақана қиратып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

14, 15 және 17 жастағы оқушы қыздар полиция бөлімшесіне жеткізілді

 

Видеодан кадр

Талдықорғанда мектеп жасындағы үш қыз ауладағы орындықты түбімен қопарып, сындырып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде жария болған видеодан үш қыздың шатырлы орындықты қасақана шайқап құлатып, қаша жөнелгенін көруге болады. Қыз балалардың бұзақы әрекетіне ашуланған желі қолданушылары оларды жауапкершілікке тарту туралы талаптар қойды.

Бейнежазбадан .  

«Жедел-іздестіру кезінде 14, 15 және 17 жастағы оқушы қыздар анықталды. Істің мән-жайын анықтау үшін қыз балалар полиция бөлімшесіне жеткізілді. 17 жастағы тұрғынның үстінен ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік шара қолданылды. Қыздардың бәрі учаскелік полицияның тізіміне алынды», - деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.