Министрлік кешеден бері тараған ақпаратты жоққа шығарды
Бельгия соты Қазақстанның мемлекеттік активінен молдаван олигархы Анатолий Статидің пайдасына 540 миллион доллар өндіру туралы шешім шығарған жоқ. Осы аптада бірқатар электондық БАҚ беттерінде жарық көрген ақпараттар жалған. Бұл туралы Қазақстан Әділет министрлігі таратқан ақпараттық мәлімдемеде айтылған.
Атап айтқанда, Брюссель соты Ascom Group SA компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы ісін қарау барысында Белгия королдігі арбритаждық сотының бірінші инстанциясындағы шешіміне назар аударған. Сот өндірісінде қандайда бір сомма туралы айтылмаған. Қаржы өндіру туралы сұрақтар Белгия сотының аппелияциялық сатысында қаралуы тиіс болатын. Алайда бұл сот отырысы 3 желтоқсанда өтіп, Статидің алаяқтық әрекеттерін дәлелдейтін айғақтардың жеткіліксіз екенін көлденең тартып, тараптардың тыңғылықты дайындықпен келуін сұрады. Сөйтіп Белгияның апплияциялық соты сот тыңдауын 2020 жылдың желтоқсанына қалдырды.
«Бұған дейін Стати Ұлыбританияда басталған сотқа қатысудан бас тартқан болатын. Англияның жоғарғы соты бизнесменнің қаржы алаяқтығымен айналысқанына дәлелдер жеткілікті деген шешім шығарған соң, молдавалық олигарх соттасудан бас тартқан. Ал жақында ол Нью-Иорктегі сот ісіне араласуға үзілді-кесілді қарсы болды. Себебі АҚШ соты да Сатидің заңсыздықтарын әшкерелейтін еді»,- делінген ҚР Әділет министрлігінің мәлімдемесінде.
Қазақстан тарапы Белгия арбритаждық соты мәліметтерді бұрмалап, молдавалық бизнесменнің пайдасына шешім шығаруға себеп болған фактілерді келтірді. Статидің жақтастары әлем елдері мен Қазақстанның лауазымды мемлекет қызметкерлеріне пара беріп, қолдауға ие болған.
«Бұл заңсыздықтар туралы мәліметтер жақында Швецияда өткен сот отырысына ұсынылды. Ол алдағы күндері Белгия арбритаждық соты үкімін жарамсыз деп тануы тиіс. Қазақстан Белгия және өзге де елдерде өткен сот істеріне қаржы шығындаған жоқ»,- дейді министрлік өкілдері.
Айта кетейік, кеше қазақстандық БАҚ беттерінде Молдава Республикасының азаматы, ірі бизнесмен Анатола Статиге Қазақстан $540 млн доллар төлейтін болады деген мақалалар шықты. Онда Белгия арбритаждық сотының шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 540 млн долларды Стати 2020 жылдың соңына дейін алып бітеді деп мәлімделді.
Молдавиялық әкелі-балалы кәсіпкерлер Анатол мен Габриэль Стати Қазақстанға қарсы 2010 жылы сотқа шағым түсірген болатын. 2013 жылдың желтоқсан айында Швецияның арбитраждық соты Қазақстанды инвестордың құқығын қорғай алмай, халықаралық құқықты бұзды деп шешім шығарды және 500 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуді міндеттеді.
Осыдан кейін 2017 жылы Ұлттық қордың активтерімен жұмыс істейтін Bank of New York Mellon банкі Қазақстанның Ұлттық қорындағы 22 млрд долларын бұғаттап тастағаны туралы ақпараттар тараған еді.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы