Жол-көлік оқиғасы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында болған
Батыс Қазақстан облысында тіркемесі бар трактор жыраға аударылып, 8 жасар қыз бен 27 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында болған.
«26 тамызда түнгі сағат 22.10 шамасында тіркемесі бар трактор аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан 1994 жылы туған ер адам мен 2013 жылы туған кәмелетке толмаған қыз көз жұмды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген БҚО Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.