Ақмола полицейлері адам ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктілер 33 жастағы тұрғынды ұрлап кетіп, оған дене жарақаттарын салған деп айыпталып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола полицейлері адам ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 25 тамызында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақмолалық полицейлер адам ұрлады деген күдікпен Атбасар қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Қылмыскерлердің құрбаны 33 жастағы жергілікті тұрғын 25 тамызда сағат 04.00-де Атбасар аудандық ауруханасына жабық бас сүйек-ми жарақатымен және бас миының шайқалуымен түсті.

Түнде қылмыскерлер жәбірленушіні гаражда ұстап, ер адамға дене жарақатын тигізгені анықталды. Атбасар АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қаскүнемдерді “ізін суытпай” анықтап, ұстады. 33 және 40 жастағы Атбасар қаласының екі тұрғыны болып шықты, екеуі де бұрын ҚК 194-бабы, ҚК 188-бабы бойынша сотталған.

Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігі (Адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.