Тағы алты адам зардап шекті
Африканың шығысында орналасқан Танзания еліндегі Франция елшілігінің күзетшілері мен полиция қызметкерлеріне белгісіз біреу оқ атты. Атыс салдарынан төрт адам қаза тауып, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды France24.
Танзания президенті Самия Хасан Сулуху Twitter желісінде қылмыскердің көзі жойылғанын хабарлады.
«Мен қаза тапқан үш полицей мен қауіпсіздік қызметі офицерінің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Олар Дар-эс-Саламдағы Саленда ауданында қарулы ер адамның шабуылы кезінде мерт болды», - деп жазды Танзания президенті.
Қылмыскердің неліктен бұл әрекетке барғаны әзірге белгісіз.