Семейде өрттен бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Барлау барысында өртеніп кеткен әйел адамның мәйіті табылды

 

Семейде жер үй өртеніп, бір әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 01:31-де Шығыс саяжай массивінде жер үй өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үйдің ағаш қабырғалары, едені және төбе жабындылары, есік және терезе блоктары, жиһаздары мен жеке заттары өртенген. Өрттің жалпы алаңы 20 шаршы метр. Өкінішке қарай, адам өлімі болды. Барлау барысында зал бөлмеде өртеніп кеткен әйел адамның мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 7 адам, соның ішінде 2 бала үйден өздері шығып үлгерген», - деді баспасөз қызметі.

Өрт шығуының алдын ала болжамы бойынша, электр қондырғыларының дұрыс орнатылмауы, темекі шегу кезінде отты ұқыпсыз пайдалану себеп болуы мүмкін.