Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды

22 тамыз сағат 18:50-де Махамбет ауданының аумағындағы «Атырау-Орал» трассасында көлік апаты болып, бірден үш адам қаза тапты, деп хабарлайды azh.kz.

КамАЗ мен ВАЗ-21015 көліктері бетпе-бет соқтығысып, нәтижесінде жеңіл көліктің 31 жастағы жүргізушісі, сондай-ақ, оның 67 және 43 жастағы жолаушылары оқиға орнында көз жұмды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағы (Екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.