Тексеру барысында автокөліктен жалпы салмағы 468 кг балық табылды
Атырау облысында Шекарашылар бекіре тұқымдас балықтың ірі партиясын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті «Жанбай» бөлімшесі шекарашылары Жанбай ауылының маңында құмды жағалауда тұрып қалған «LEXUS» автокөлігіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында автокөліктен жалпы салмағы 468 кг, 120 дана бекіре тұқымдас балық табылды, заңсыз ауланған бекіре балығынан мемлекетке келтірілген залал 136 515 600 теңгені құрайды», - делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.
Құзыретті органдар ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде браконьерлік іс-қимылдың жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.