Павлодарда 12 жасар бала суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар мен еріктілер іздеу жұмыстарын жүргізуде

Құтқарушылар мен еріктілер іздеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Оқиға туралы хабар жедел әрекет ету басқармасынан 19 тамыз күні сағат 00:10-да түскен.

Белгілі болғандай, кеше 12 жасар ұл бала үйінен достарымен қыдыруға шыққан және қайтып оралмаған.

«Орталық жағалау тұсында сағат 14:30 шамасында шомылуға арналған орында шомылып жүріп, 2009 жылы туған бала батып кетті. Сағат 22:00 шамасында ата-анасы полицияға хабарласты», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.

«VITA» іздеу жасағының мәлімдеуінше, достары қорыққаннан үлкендерге болған жәйт туралы бірден айтпаған.

Еріктілерге іздеу жұмыстарын жүргізу үшін қайық керек. Көмек қолын созғысы келетіндерге + 7 747 615 55 63 нөмірі арқылы хабарласуды сұрайды.