Қарағанды облысында автокөлік тонағандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды

 
Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында автокөлік тонағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«14 тамызда 40 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне хабарласып, терезені сындырып, көліктің салонына кіріп, көліктің радиосын, сондай-ақ құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткен. Келтірілген залал көлемі 65 мың теңгені құрайды», - делінген хабарламада.

Теміртау қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 29 мен 49 жас аралығындағы төрт ер адамды ұстады. Олар қылмысын мойындады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.