Ер адам оқиға орнында көз жұмды
20 тамыз сағат 01:00-де Сәтбаев қаласында белгісіз біреу 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) әрекеті бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қылмыстың мән-жайын ашу үшін Қарағанды облысы Полиция департаментінің және Сәтбаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу топтары іск кірісті.