Мемлекеттік туды көлік капотына ілген жүргізуші жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Атыраулық жүргізушіге 73 теңге көлемінде айыппұл салынды

2021 жылдың 16 тамыз күні Атырау қаласының тәртіп сақшылары Еркінов және Амандосов көшелерінің қиылысында Қазақстан республикасының мемлекеттік туын автокөлігінің капотына жауып келе жатқан Kia Rio автокөлігін анықтады. Хабарлама бойынша Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жіберілді.

Аталған автокөліктің 38 жастағы жүргізушісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 458-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қысқартылған тәртіппен 72 925 теңге көлемінде айыппұл салынды.