Маңғыстауда банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 млн теңге ұрлаған

Автор: Azattyq Rýhy

Сот шешімімен ол  5 жылға бас бостандығынан айырылды

 

Маңғыстау облысында банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңгеден астам (212 мың доллар) ақша ұрлады. Бұл туралы  қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, деп жазады «Айқын» басылымы.

Бір жыл бұрын банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңгеден астам ақшаны шешіп алған. Ол қаражаттың бір бөлігін букмекерлік кеңсе арқылы қолма-қол ақшаға айналдырыпты.

Сот шешімімен ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Агенттік өкілдері Қазақстан аумағында онлайн-казинолардың қызметіне «Ойын бизнесі туралы» заң бойынша тыйым салынғанын еске салады.