Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Ырғыз ауданынының аумағында болған

фото: polisia.kz

16 тамыз күні сағат 19:15-те Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара-Шымкент автожолында (аудан орталығынан 90 шақырым жерде) бірнеше адамның өліміне әкеліп соққан жол апаты болды.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, 39 жастағы (Шалқар ауданының тұрғыны) Nissan X-Trail автокөлігінің жүргізушісі Қалыбай ауылына жақын жерде Қырғызстан азаматының басқаруындағы Volvo FH460 жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Nissan X-Trail автокөлігінің жүргізушісі, оның әйелі мен 11 жастағы ұлы оқиға орнында көз жұмып, 5 жасар ұлы мен 10 жастағы қызы Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылған. Алайда, ауруханаға жеткізілген бес жасар ұлы да көз жұмды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.