Әйел адам №1 қалалық ауруханаға жатқызылды
Әлеуметтік желіде әйел адам зардап шеккен оқиға орнынан видео таралды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Белгілі болғандай қаладағы Шөкин көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында төрт автокөлік соқтығысқан. Оқиға орын алған кезде көліктердің бірінің терезесінен әйел адам түсіп қалған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 37 жастағы зардап шегушінің жағдайы туралы хабарлады.
«Әйел адам көп жарақат алған. Мидың шайқалуы, ұршық пен жамбастың жабық сынығы, оң жақ 5-6-7 қабырғалардың сынығы және екінші дәрежелі жарақаттық шок анықталды», - деді басқармада.
Әйел адам №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.