Павлодар қаласында сегіз жастағы баланы көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар қаласында сегіз жастағы баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы генерал Дүйсенов көшесінде болған.   

«Toyota Highlander автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден көшені кесіп өтпек болған 2013 жылғы ұл баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған жеткіншек ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала қазіргі уақытта травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайына орташа ауыр деп баға берді