Құмшағал станциясында үш жасар қызды пойыз басып кетті

Ол алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза болды

Құмшағал станциясында үш жасар қызды пойыз басып кетті
көрнекі фото

Жамбыл облысындағы Құмшағал станциясында үш жасар қызды пойыз басып кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Әйел баласымен бірге тоқтап тұрған жүк пойызы вагондары астына кіріп, ары өтпек болған. Сол сәтте пойыз орнынан қозғалып, 3 жастағы қыз жарақат алған. Ол алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза болды.  

Қайғылы оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеген. Ойда-жоқта баласынан айырылған анаға психологтар көмек беріп жатыр. Әйелдің тағы бір баласы бар екен.

«Бұл жағдайға қатысты соталды тергеу басталды. 344-баптың 2-бөлігінде теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу қаралған. Кінәлілер болса, тергеу кезінде анықталады», - деді Көліктегі ПД әкімшілік полиция бөлімінің басшысы Мақсат Дүйсенбиев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.