Екібастұзда сегіз жасар қыз абайсызда аккумулятор қышқылын ішіп қойған

Автор: Azattyq Rýhy

Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды

Фотог: ашық дереккөзден

Екібастұзда сегіз жасар қыз абайсызда аккумулятор қышқылын ішіп қойған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өткен тәулікте екі жазатайым оқиға тіркелген. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам зардап шекті.

«Мәселен, 12 тамыз күні сағат 09:40-та Екібастұз қаласының ауруханасына 2013 жылы туған кәмелетке толмаған бала жатқызылды. Ол өз үйінде абайсызда аккумулятор қышқылын ішкен», - деді баспасөз қызметінде.

Сол күні сағат 09:10-да Екібастұз қаласындағы пәтерде 41 жастағы тұрғын абайсызда аммиак қышқылын ішкен. Ер адам ауруханаға жатқызылды.